Grand Slam: қазақстандық дзюдошылардың қарсыластары белгілі болды

7 желтоқсанда дзюдодан Токиода (Жапония) Grand Slam турнирі басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Турнир алдында өткен жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды:

Ерлер:

  • 60 келі: Дәурен Сүйкенов - Мишель Аугусто (Бразилия)
  • 60 келі: Шерзод Давлатов - Матей Александру (Румыния)/Елк Казирбиек (Моңғолия) жұбының жеңімпазы
  • 73 келі: Бақытжан Әбдірахманов - Лучиан Борс (Румыния)
  • 81 келі: Жалғас Қайролла - Кайто Амано (Жапония)
  • 90 келі: Мейірлан Максим - Намхун Ли (Оңтүстік Корея)
  • 100 келі: Әділет Сапарғалиев - Энхбаяр Алтаншағай (Моңғолия)

Әйелдер:

  • 52 келі: Толғанай Әбеуова - Нанако Цубоне (Жапония)
  • 57 келі: Дана Әбдірова - Ариунзая Тербиш (Моңғолия)
  • 63 келі: Самалай Ерғалиева - Мегуми Хорикава (Жапония)
  • 78 келі жоғары: Назгүл Маратова - Майя Сегава (Жапония)
  • 78 келі жоғары: Карина Такиева - Рури Такахаши (Жапония)

 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!