Дзюдодан Қазақстан құрамасында өнер көрсететін Дәурен Сүюкенов Әбу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан "Үлкен дулыға" санатындағы турнирдің қола жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол қола жүлде үшін белдесуде тағы бір отандасымыз Мағжан Шамшадиннен басым түсті.
Осылайша, Сүюкенов 50 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені жеңіп алды.
Айта кетейік, бұл – Қазақстан қоржынындағы осы "Үлкен дулыға" турниріндегі екінші жүлде. Бұған дейін Абиба Әбужақынова (48 келіге дейін) үшінші орын алған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!