Google төлем жүйесін жасап шығармақ

Google компаниясы төлем жүйесін жасап жатқандығын айтты. Бұл жаңалықпен Барселонада өтіп жатқан Халықаралық мобильдік конгерсте Google вице-президенті Сундар Пичай бөлісті, деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы bnews.kz жазды.

Google өкілі компанияның Android Pay төлем жүйесін жасап шығу саласында еңбектеніп жатқанын мәлім етті. Жаңа жоба Apple мен Samsung жүйелеріне бәсекелес болмақ. Оның тұтынушысы жаңа жүйеге банк карталарын байланыстырып, қосалқы бағдарламаның көмегімен түрлі төлемдерді іске асыру мүмкіндігіне ие болады.  

сурет: xakep.ru