Google процессор шығарады

Google процессор шығарады
Фото: www.youtube.com

Жуырда мобильді процессорлер нарығында тағы бір үлескер пайда болады. Ғаламторда тараған бейресми ақпаратқа сүйенсек, Google корпорациясы Android құрылғыларына процессор дайындайтын құрастырушылармен кілессөз жүргізіп жатыр. Бұл америкалық алпауыттың жуырда процессор шығарумен айналысатынын білдіреді.

Google қайта құрылғаннан кейін өз мүмкіндіктерін кеңітіп келеді. Компания Nexus смартфондарының бөлшектерін толығымен өзі құрастыруға бейімделмек. Инсайдерлер айтуынша, мұндай идея корпоративті секторге арналған құрылғының процессорын дамыту кезінде пайда болған.

Дегенмен, Google жаңа нарықты игеру үшін Qualcomm және MediaTek мобильді концерндерімен келісімге келуі тиіс. Себебі аталған қытайлық компаниялар процессорлер нарығының басты үлескерлері саналады.

Ж. Өрісбай