Google компаниясының спойлермен күреске қосылуды жоспарлап отырғанын АҚШ патент бюросына жіберілген сұранымдары дәлелдейді.
Онда кинематограф, телевизия мен кітап басылымдарына қатысты спойлерлерді анықтап, бейтараптандыратын технологияның қызмет істеу ұстанымы толыққанды түсіндірілген.
Спойлер дегеніміз – фильм, спектакль, телехикая немесе кітап сюжетін айқындап, мазмұндайтын пікір.
Google жасаған бағдарлама құрылғысының қызметінің ұстанымы мынадай: егер белгілі бір әлеуметтік желі не сайтта жазылған пікірде спойлер табылса, жүйе оны анықтап, бүркемелеп, оқырманға ескертетін ұяшық шығады. Сонда сіз оқудан бас тартуға немесе керісінше, фрагментпен танысуға келісіміңізді бере аласыз.
Google бұл технологиясын Facebook немесе Twitter секілді ірі әлеуметтік желілерге енгізетіні әлі белгісіз. Сондай-ақ іздеу жүйесіне қондырылатыны да әлі бізге беймәлім.
Қазірде спойлермен күрес орынды саналады. Себебі көрермендер теледидардан бас тартып, ғаламтор арқылы телесериалдар, фильмдер көруге бейімделіп келеді. Ал бұл өз алдына спойлер мен тілдесудің көбеюіне алып келеді.
Сурет: streetfightmag.com
Ұқсас жазба:
Ғаламтор адамзатқа қандай тегін сыйлар тарту етті?