Gelandewagen, Cartier, Prada. Жұлдыздар сүйіктілеріне жасаған қандай сыйлығымен мақтанады?

Жұлдызды жұптар бір-біріне қымбат көлік, сөмке, әшекей сыйлап қуантып жатады. Massaget.kz тілшісі танымал қазақстандықтардың сүйіктісінен қандай бағалы сыйлық алғанына шолу жасады. 

Қымбат көліктер

Әнші Алтынай Жорабаеваға екінші күйеуі темір тұлпар сыйлаған. Ол бұл қуанышты жаңалығын Instagram-парақшасында бөлісті. Күйеуі әншіге Infiniti маркалы көлікті алып берген. 

"Сезіміңді білдірген сайын, жақсы көретініңді айтқан сайын, махаббат беки түседі",   - дейді Алтынай Жорабаева парақшасында. 

Әнші Айқын Төлепберген әйелі Жұлдыз Өмірғалиге қалауын алып берді. Оның таңдауы Мерседес Гелендваген көлігіне түскен. Көліктің нарықтағы құны - шамамен 10-60 миллион теңге аралығында. 

"Жұлдыз өзі ұнатқан көлікті алдық. Әрине, бала-шағамен жүргенге ыңғайсыздау болғанымен, артықшылығы да көп. Құтты болсын, жаным. Сіздерге де жұғысты болсын!" - деп жазған ол парақшасында. 

Блогер Дархан Жолшыбеков Дарикорн лақап атымен танымал әйеліне туған күн сыйлығы ретінде BMW маркалы көлік сыйлады. Әнші Дариға Нұркеева мұндай сыйлықты мүлде күтпеген. 

"Бэха х7-ді айдап бара жатқан әдемі қызды көрсеңдер - менмін, деп өзіме көп алып кететінім бар енді, кешіріңдер", - деп жазған әнші парақшасында.

"Жаным, туған күніңмен! Бұл сыйлықтың өзі саған аз, өйткені сен - менің өмірімде болған ең ғажайып жансың", - деп сезімін білдірген Дархан. 

Танымал блогерлер Арман Юсупов пен Карина Оксукпаева да бұл тізімге енді. Блогер әйеліне жаңажылдық сыйлық ретінде су жаңа BMW көлігін сыйлаған еді. Жақында Карина Оксукпаева бұл көлігін сатып жібергенін айтты. 

"Жаңажылдық дәстүрімізді бұзбайық деп шештік. Сондықтан жаңа бэханы қабыл алыңыздар", - деп жазған блогер. 

Сөмке

Ал актер Жахан Отарғалиев әйелі Балжан Бидашқа 1 миллион теңгеге сөмке сыйлаған. Бұл жаңалығын әнші әлеуметтік желіде жазған. 

"Махрды орындап жатыр. Рақмет, жаным", - дейді әнші Stories-інде. 

Бұдан бірнеше жыл бұрын Ерке Есмахан да 800 мыңдық жаңа Prada сөмкесін көрсеткен еді. Жұрт мұндай бағалы сыйлықты шоумен Әли Байжұмат сыйлады деп болжам жасады. Алайда бұл туралы әнші пікір білдірмеді.

Бағалы әшекейлер

Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек те бағалы сыйлықты жиі алып тұрады. Мәселен, мынадай Cartier жүзігі нарықта 500 мың мен 1 миллион теңге аралығында тұрады. 

Айсәуле Бақытбек бұл жүзікті жаңажылдық сыйлық ретінде алғанын айтты.

Актриса Жәния Джуринская күйеуі сыйлаған бағалы сыйлықты көрсеткен болатын. Оның айтуынша, күйеуі сыйлаған ең қымбат, жүрегіне жақын сыйлық - гауһар тасы бар сақина. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!