- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- «Gangnam Style» «YouTube»...
«Gangnam Style» «YouTube» сайтының көрілімін «бұзды»
«Gangnam Style» әнімен танылған «PSY» атты оңтүстіккореялық әншінің осы әніне түсірілген бейнеклипі – «YouTube» желісіндегі ең танымал бейне ролик екендігі бәрімізге белгілі. Алайда осы бейнеклип аталған ғаламтор желісінің көру есептегішін «бұзды», деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Independent сайтына сілтеме жасай отырып.
2012 жылдың үздік әні әлі күнге дейін «YouTube»-та өз құнын жоймай тұр. Клип сайтта міндеттелген интернет қолданушылардың көру шегіне жеткен. «Біз бейнебаянның мұншалықты көрілімге ие болады деп ойламап едік, көрілім негізгі 32-бит құрайтын тұтастықтан (2 147 483 647) асып кеткен», - деп хабарлаған «YouTube» сайтының баспасөз қызметі.
Бұл бейнебаянды жүктеген күннен бастап, бүгінге дейін 2 154 720 723 рет көрілген екен. Егер тінтуірді бейнебаянның көрілім санына апарсаңыз, анимациялық жүйемен орындарын алмастырған сандар ретін көресіз. Мына сілтеме бойынша кіріп, көрілім санына тінтуірді апарыңыз. Нәтижесінде бұрын-соңды көрмеген қызық жайттың куәгері боласыз.
Естеріңізге сала кетейік, «PSY»-дың «Gangnam Style» бейнебаяны 2012 жылдың шілде айында жарық көрген еді. Және бірден үлкен көрілім жинап, жұлдызды бейнебаянға айналған. Сонымен қатар «YouTubе» тарихында ең көп лайк жинаған бейнебаян ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енген болатын. Дәл қазір, лайк саны 8,7 миллионнан асып кетті.
Сурет: downvids.net
Е. Жұмабайұлы