Freedom QJ League All-Star көрмелік ойында сенімді әрі ірі есеп айырмасымен жеңіске жетті

Жаңа жасөспірімдер лигасы өз экваторына жетіп – болашақ футбол жұлдыздары үшін алғашқы сынақ "Super Bol" командасына қарсы ойын болды.  

Сәуір айының 22-жұлдызында шымылдығын түрген QJ League қазір де республикалық маңызы бар жоба десек артық айтқанымыз емес. Айта кету керек, лиганың алғашқы ойыны "Астана-Арена" стадионында өтіп, аталмыш кездесуді 18 мың жанкүйер тамашалаған болатын. Ал бірнеше жыл ішінде жарыс жолына еліміздің барлық аймақтарынан жас аяқдопшыларды қатарына қоспақ. Сондай-ақ, 2025 жылы қыздар лигасын ашу да жоспарында бар. Әзірге лигада 18 жасқа дейінгі ойыншылардан құралған 12 команда өзара жеңімпазды анықтауда. 

Осыдан бір апта бұрын QJ лиганың бірінші айналымы өз мәресіне жетті. Осы уақыт аралығында жанкүйерлер мен сарапшылар жас футболшылармен жақынырақ танысып, барлық матч комментаторлардың сүйемелдеуімен тікелей эфирде көрсетілген болатын. Сондай-ақ спорт статистикасының әлемдік көшбасшысы Hudl мамандары да аянбай тер төкті.

Нәтижесінде, маусымның ортасында QJ League ұйымдастырушылары аналитика негізінде үздік ойыншылардан құралған команданы жинақтады. Неге? Шілде айының 29-жұлдызында MLS, NBA, NHL сынды жетекші әлемдік чемпионаттардан үлгі ала отырып, Қазақстанда алғаш рет деңгейлі "QJ League All-Star" мен "Super Bol" жобасы арасында үлкен көрмелік матч өтті.

Ойынға дайындық барысында QJ League командасында өзгерістер орын алды, бірақ бұл қуанышты жаңалық. "Атырау" қақпашысы Дулат Талыспаев құрамаға келмес бұрын Еуропа клубынан ұсыныс алды, дәлірек айтсақ Дания чемпионатында өнер көрсететін команда қақпашыға қызығушылық танытты.

Қысқы оқу-жаттығу жиынында Дулат еуропалық скауттар көзіне түсіп, бүгінде QJ лиганың медиадағы жұмысының арқасында, қақпашының ойынын жиірек көру мүмкіндігі туындады. Көп ұзамай Дулат Еуропаға жол тартты. Кім біледі, мүмкін болашақта сырт чемпионаттарға жол тартқан қазақ балаларының саны дәл осы QJ League-ның арқасында артып қалатын да шығар.

Super Bol командасына қарсы ойынға дайындық

QJ League ойыншылары Super Bol-ға қарсы матчқа дайындықтарын ойынға бес күн қалғанда ғана бастады. Ертерек бастау ойын кестесінің тығыздығына байланысты мүмкін емес еді. Осы ойыннан кейін аяқдопшылар бір күн өтер өтпес, келесі турды бастап кетті. Бұл оңай жұмыс емес. Біраз ойыншылар үшін мүлдем жаңа тәжірибе, себебі олар бұрын ұлттық құрамада ойнамаған.

МАКСИМ Габунов, "Ақтөбе" және "QJ League All-Star" құрамасының бас бапкері

"Жаттығу жоспар бойынша өтті, бәрі керемет, команда ойын алдында өзін жақсы сезінді. Біз ойынға тамаша жағдайда дайындық өткіздік, осы уақыт аралығында барлығымыз бір отбасындай болып кеттік, осындай команда да бапкерлік етуді тапсырған лигаға алғысым шексіз, өте қуаныштымын".

Ұлттық құрама деңгейінде өткен оқу-жаттығу жиыны тек бастамасы. Жаңа жасөспірімдер футбол лигасы кезекті мәрте көпшлікті қуантуда. "Super Bol" командасына қарсы көрмелік ойын алдында Freedom QJ League ұйымдастырушылары үздік ойыншыларына, бапкерлік құраммен басқа да қызметкерлерге арнайы жаңа үлгідегі спорттық форма әзірлеп, топтама осыдан бірнеше күн бұрын жарық көрді.

Аталмыш спорттық киім дизайны үш элементке негізделген: лиганың түстері, қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі БҮГІН және FREEDOM сөздері.

Бұл мерч жайында толығырақ білу үшін QJ League сайтында шыққан мақаланы оқысаңыздар болады.

"Super Bol" - "QJ League" ойыны

Ал ойынға оралар болсақ, "Super Bol" - "QJ League All-Star" командалары арасындағы ойын тартысқа толы өтті деп айтуға келмейді. Бірінші таймның алғашқы минуттарынан бастап басымдылық номиналды қонақтар, QJ League еншісінде болды. Және алғашқы болып есепті Аян Байдавлетов ашты. Үзілістен кейін, ойын өрнегі еш өзгермеді. Екінші тайм басталған бойда Лиганың үздік сұрмергені, "Қайрат" академиясының шабуылшысы Рамазан Бағдат есепті еселеді. Мұнымен жаңа лига жастары тоқталмады. Араға уақыт салып Рамазан дубль иесі атанды. Сондай-ақ, Ахметали Қалтанов, Дінмұхаммед Рүстемұлы және Аслан Ғабиден гол соғып көзге көрінді. Қорытынды есеп 6:1 – сенімді жеңіс Freedom QJ League All-Star еншісінде.  

Freedom QJ League All-Star – маусымаралық көрмелік матч, лига жұлдыздарынан жинақталған дрим-тим команда және арнайы философиясы бар жеке спорттық киім.

Жарнама материал