Freedom Bank Қазақстан өңірлеріндегі талапкерлер үшін 340-қа жуық білім грантын ұсынды. Freedom Grants әлеуметтік жобасы еліміздің 15 қаласында іске қосылып, 22 жоғары оқу орнын қамтыды. Барлық оқу кезеңіне арналған гранттардың жалпы сомасы шамамен 1 млрд теңгені құрайды.
Жобаға ауылдық және қалалық мектептердің түлектері қатысты. Қыркүйек айынан бастап Freedom Bank гранттарының барлық иегерлері жоғары оқу орындарына қабылданып, сабақтарға кірісті.
Шымкент қаласындағы талапкерлерге Freedom Grants сертификаттарын тапсыру
Жобаның басым бағыттары ақпараттық және цифрлық технологиялар, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, педагогика және т.б. салалардағы өңірлерде сұранысқа ие мамандықтар болды. Білім беру жобасының мақсаты дарынды талапкерлерге өз білімі мен болашағын туған қаласында жоспарлауға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау болды.
Ақтөбе қаласындағы талапкерлерге Freedom Grants сертификаттарын тапсыру
Freedom Grants-қа Атырау, Көкшетау, Қызылорда, Петропавл, Түркістан, Өскемен, Семей, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Қостанай, Орал, Павлодар, Тараз және Қаскелең қалалары қатысты.
Айдос Жұмағұлов, Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі:
Freedom холдингінде акционер - Тимур Турловтың өзі және қызметкерлер еліміз үшін және өскелең ұрпақ үшін көптеген игіліктер әкелетін біраз әлеуметтік жобаларға белсенді қатысады. Freedom Bank сонымен қатар әлеуметтік маңызды және мағыналы жобаны жүзеге асырды. Ел өңірлерінде талапкерлерге білім беру гранттарын бөлу туралы шешім қабылданды. Біздің әріптестеріміз республикадағы барлық ірі университеттерді қосу бойынша үлкен жұмыс атқарды, біз маңызды және қажетті мамандықтарды қамтуға тырыстық. Бұл ретте шығармашылық тапсырмамен және ҰБТ-дағы белгілі бір өту балымен шектеліп, жобаға қатысуды барынша жеңілдеттік. Freedom Grants жобасының көмегімен біз талапкерлерге тегін оқу мүмкіндігін беру арқылы оларға қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Бұл бастама «Freedom Шапағат» корпоративтік қорымен бірлесіп іске асырылды. Біздің жоспарымызда оқытушылар мен оқушылардың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірқатар білім беру жобаларын іске қосу бар.
25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы
"Фридом Банк Қазақстан" АҚ жеке және заңды тұлғаларға цифрлық қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынатын Қазақстанның инновациялық банкі. Банк ипотекалық несие, автокредит және бизнес несиелерін алуды цифрландырды. Сондай-ақ Қазақстандағы алғашқы INVEST CARD инвестор картасын және басқа да бірқатар цифрлық карталарды шығарды. Қазақстанның ірі қалаларында 16 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. Банк Freedom Holding Corp., қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операцияларды, бағалы қағаздармен сауданы, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын холдингтің бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market және Қазақстан қор биржасында саудаланады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!