Forbes тізіміндегі кәсіпкердің заңсыз алған жерлері мемлекетке қайтарылды

Forbes тізіміндегі кәсіпкердің заңсыз алған жерлері мемлекетке қайтарылды
Фото: gov.kz

Шалғайдағы (маусымдық) мал шаруашылығына арналған жерлерді заңсыз алған 2017 жылы Форбс тізіміндегі белгілі кәсіпкердің жерлері мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысының прокуратурасы ел басшылығының тапсырмасын орындау шеңберінде Еңбекшіқазақ ауданындағы 3500 гектар жерді қайтарып берген. Ол 2017 жылы Форбс тізіміндегі белгілі кәсіпкерге оларды шалғайдағы (маусымдық) мал шаруашылығына арналған жерлер құрамынан шығару жолымен заңсыз берілген.

Қазіргі уақытта үшінші тұлғаларға жерді қайта беру фактілерін болдырмау мақсатында аталған жерлерді жергілікті тұрғындар үшін қоғамдық жайылымдарға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, жыл басынан бері жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі бизнесмендерге тиесілі 26,8 мың гектар жер, кадастрлық құны 714 миллион теңге мемлекет пайдасына қайтарылды.

Бұл жерлер жылдар бойы мақсатына сай пайдаланылмаған, жемшөп дақылдарын өсіру жүзеге асырылмаған, осы шаруашылықтардың балансында ауылшаруашылық жануарлары да болмаған. Ал басқа адал фермерлер егістік және жайылымдық жерлерге өте мұқтаж болған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина