FlyArystan ұшағы құстарға соғылды: Астана – Шымкент рейсі кешікті

FlyArystan әуе компаниясының Астана – Шымкент бағытындағы рейсі ұшақтың құстарға соғылуына байланысты кешікті. Бірнеше сағаттан кейін жолаушыларға басқа борт берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"23 мамырдағы Астана – Шымкент бағытындағы FS 7309 рейсі әуе кемесінің құстарға соғылуына байланысты кешікті. Мамандар ұшақтың зақымдану деңгейін тексерді. Рейсті орындау үшін басқа әуе кемесі берілді. Жолаушылар су және тамақпен қамтамасыз етілді", — делінген компания хабарламасында.

Кесте бойынша FS7309 Астана – Шымкент рейсі 23 мамыр күні сағат 19:40-та ұшуы керек болған. Ал нақты ұшу уақыты 24 мамырда сағат 00:09-ға ауысқан.

FlyArystan баспасөз қызметі жолаушылар мен экипаж қауіпсіздігі компания үшін басты басымдық екенін атап өтті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз