FlyArystan-ның Ақтөбе - Ақтау рейсі перронға оралуға мәжбүр болды

25 шілдеде 10:05-те FlyArystan-ның орындалуға тиіс КC7777 Ақтөбе - Ақтау рейсі техникалық себептерге байланысты (ұшуға дейін) перронға оралуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

FlyArystan әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Рейс Ақтөбенің жергілікті уақыты бойынша алдын ала 26 шілдеде сағат 01:30-да ұшады деп жоспарланып отыр.

"Біз жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз және ұшу қауіпсіздігі біздің басты приоритетіміз екенін еске саламыз", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!