Желіде FlyArystan әуе компаниясының Air Astana-дан бөлінгені туралы хабарламалар пайда болды. Бұл қаншалықты рас? Tengri Travel анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
FlyArystan-ның баспасөз қызметі компания 2023 жылдың күзінде жеке акционерлік қоғам болып қайта құрылғанын атап өтті.
"2024 жылдың 1 сәуірінде авиакомпания Қазақстанның авиациялық әкімшілігінен өзінің пайдаланушы сертификатын алды. 2024 жылдың күзінде FlyArystan-ға IATA-FS коды берілді. Барлық өзгеріс әуе компанияның ресми пресс-релиздері арқылы жұртшылыққа уақытылы жарияланды. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап FlyArystan FS коды бойынша жеке авиакомпания ретінде жұмыс істей бастады және өзінің пайдаланушы сертификатына толығымен көшті. Бұл ретте FlyArystan АҚ Air Astana тобының жүз пайыз еншілес компаниясы болып қала береді", - деп хабарлады тасымалдаушының баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова