FlyArystan маңызды өзгеріс енгізбек

FlyArystan маңызды өзгеріс енгізбек
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

FlyArystan әуе компаниясы маңызды өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

7 мамырдан бастап Қазақстанның авиация әкімшілігінің талаптарына сәйкес power bank тасымалдау ережелеріне өзгеріс енгізіледі:

  • 100 Вт/сағ-қа дейінгі қуаттағышты рұқсатсыз тасымалдауға болады;
  • 100-ден 160 Вт/сағ-қа дейінгі қуаттағышты тасымалдаушының рұқсаты болған жағдайда ғана тасымалдауға рұқсат етіледі;
  • 160 Вт/сағ-тан жоғары қуаттағышты тасымалдауға тыйым салынады.

Бір жолаушыға 2 қосалқы аккумулятор тасымалдауға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, қосалқы аккумуляторды тек қолжүк ретінде тасымалдауға болады, әуе кемесі бортында оларды зарядтауға және пайдалануға тыйым салынады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget