FlyArystan компаниясында шағымдарға байланысты тексеріс жүргізіледі

FlyArystan компаниясында шағымдарға байланысты тексеріс жүргізіледі
Фото: kaztag.kz

Азаматтық авиация комитеті FlyArystan әуекомпаниясында жолаушылардың шағымы көбейгеніне байланысты тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

FlyArystan әуекомпаниясына ғана емес, Air Astana АҚ-ның да техникалық себептер бойынша рейстерді кешіктіру дерегінің көбеюіне, сондай-ақ жолаушылардың құқығын сақтауға қатысты көптеген шағым түскені белгілі болды. 

"Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшулардың тоқтатылуы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация туралы заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтау үшін комиссия құрды. Сонымен қатар, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директорының бұйрығымен Air Astana АҚ мен FlyArystan АҚ-на жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Комиссия жұмысының және жоспардан тыс тексерудің нәтижелері қосымша хабарланады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жақында FlyArystan әуекомпаниясының рейсінде қабағын жарып алған танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы да шағым түсірген болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева