FlyArystan халықаралық рейстерге әуежайда тіркелуді ақылы етпекші

FlyArystan халықаралық рейстерге әуежайда тіркелуді ақылы етеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2023 жылдың 3 тамызынан бастап халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу ақылы болады. Әуежайда тіркелу қызметін алдын ала онлайн сатып алу – ішкі рейстерге 500 теңге, халықаралық рейстерге 5 000 теңге (10 еуро), - делінген компанияның сайтындағы хабарламада.

Ал әуежайда тіркелу қызметін iJan терминалда сатып алу – 1000 теңге. Ұшып шығу алдындағы төлеммен әуежай бағанасында тіркелу – ішкі рейстерге 1000 теңге, халықаралық рейстерге 10 000 теңге (20 еуро). Онлайн тіркелу – тегін. Сонымен бірге отырғызу талонын басып шығару – тегін. Брондалған жолжүкті тіркеу – тегін.

"Халықаралық рейстерге онлайн тіркелу кезінде отырғызу талоны берілмейді, қауіпсіздік мақсатында, қажетті құжаттарды тексеру үшін тіркеу пунктіне келуі керек. iJan терминалдары қазіргі уақытта Қазақстан ішіндегі ішкі рейстерде ғана қолжетімді", - деп хабарлады компания.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз