FlyArystan әуе компаниясында қаражат ұрланды: баспасөз қызметі түсінік берді

FlyArystan әуе компаниясында қаражат ұрланды: баспасөз қызметі түсінік берді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

FlyArystan әуе компаниясының басшылығы қаражат ұрлау фактілерін анықтап, тәуелсіз тергеу жүргізу үшін аудиторлық компанияға жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін, 4 желтоқсанда әуе компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді. Алайда компания нақты соманы атамады.

"Тергеу нәтижелері бойынша ұрлық фактілері расталды, осыған байланысты әуе компания кінәлі адамдарды анықтау және материалдық залалды өтеу үшін құқық қорғау органдарына жүгінді. Компания бұл соманы 9 айдағы қаржылық есептілікте толық ескерді", - делінген хабарламада.

Тергеу мүддесі үшін қосымша егжей-тегжейлер жария етiлмедi.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан