ҚР Президентінің баспасөз қызметі Facebook әлеуметтік желісінде жаңа ресми парақшасын - мемлекеттік тілде жүргізілетін AkordaBaspasoz атты жаңа парақшаны іске қосты.
ҚР Президентінің баспасөз қызметі Facebook әлеуметтік желісінде жаңа ресми парақшасын — мемлекеттік тілде жүргізілетін AkordaBaspasoz атты жаңа парақшаны іске қосты.
"Парақшадағы материалдар мемлекеттік тілде жарияланатын болады. Бұл арқылы елдегі және шет елдердегі қазақ тілді сайт пайдаланушылары үшін Мемлекет басшысының қызметі туралы маңызды әрі қызғылықты ақпараттар алуға мүмкіндік туады", — делінген ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаевтың жұмада таратқан мәлімдемесінде. Сонымен қатар, қолданыстағы AkordaPress контенті де тиісінше орыс тіліндегі жұмыс режіміне көшеді.
"Аккаунттар мазмұны әркелкі аудиторияның сұранысына бейімделетіндіктен, жаңалықтардың берілу формасында айырмашылық болады.Біз уақыт талабына сай болуға тырысып, азаматтар күткен үдеден шығуға бағыт ұстап отырмыз. Пайдаланушылар бұл өзгерістерге лайықты бағасын береді деп сенемін», — деп атап айтты Абаев мәлімдемесінде.