Facebook компаниясы заңсыз жеке адамға тиесілі ақпарат алғысы келетін хакерлер мен арнайы қызмет мекемелері туралы қолданушыларды ақпараттандырып отырады.
Facebook мамандары әрбір қолданушыға жеке ақпараттарына қол сұғылғандығы туралы хабарлама жіберетін технологиялық қызмет дайындады. Хабарламада «Сіздің жеке ақпаратыңызға кибер шабуыл жасалды. Бұл мемлекеттік мекемелер сұранысы бойынша жасалған болуы мүмкін» деп жазылады. Содан кейін қолданушыға операциялық жүйені қайта орнатуға немесе мобильді құрылғыны ауыстыруға кеңес беріледі.
«Мұндай дайындық біз үшін аса маңызды. Белгісіз адамдардың заңсыз кибер шабуылдар жеке адам құқығын бұзумен қатар, мемлекеттік құпияларды да әшкерелеу мақсатында жасалуы мүмкін», — дейді Facebook әлеуметтік желісінің қауіпсіздік бөлімінің басшысы Алекс Стамос.
Әзірге аталған желі құрылымының қай ел территорияларында қолжетімді болуы туралы ақпарат жоқ. Facebook мұны қолданушылар қауіпсіздігі үшін жасап жатқаны рас. Дегенмен құпия мекемелер жаңа қызметті іске қосуға рұқсат етпеуі де мүмкін.