Жуырда Facebook әлеуметтік желісінің мессенджерінде жаңа функция пайда болады. Енді қолданушы өзінің жіберген хабарламасын жойып жібере алады. Мысалы, сіз жіберген хабарлама бір сағаттың ішінде оқылмаса, өзімен-өзі жоқ болып кетеді.
Дәл осындай функция Snapchat әлеуметтік желісінде бар. Марк Цукерберг 2013 жылы аталған желіні сатып алуға тырысқан. Дегенмен оның қазіргі иесі сатудан бас тартқан. Бұл қызмет қолданушының өзі жазған хабарамасының қай уақытта жойылып кетуін таңдауға мүмкіндік береді.
Ескере кетсек, жақында Facebook әлеуметтік желісінің Франциядағы қолданушылары құм сағатына ұқсайтын жаңа батырма пайда болғаны туралы хабарлаған болатын. Ендеше сол құм сағат жіберілген хабарламаның жойылу уақытын көрсетеді.