- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Facebook анонимді чатқа...
Facebook анонимді чатқа арналған қосымша шығарды
Анонимді қарым-қатынас қайтадан сәнге айналған көрінеді. Себебі әлеуметтік желідегі әрбір адам туралы жеке ақпарат жалпыға бірдей қол жетімді.
Rooms қосымшасы мобильді гаджеттердің тұтынушылары енді желіге тіркеліп жатпайды. Бар болғаны сіз электронды поштаңызды жазып кіретін боласыз. Құрастырушылар шын есімнің орнына лақап атты қолдануды дұрыс көріп отыр. Айта кетсек, виртуалды маска тағып чаттар мен форумдарда көрініс табу осыдан он жыл бұрын өте танымал болған болатын.
Rooms қосымшасын қондырып алған адам белгілі бір тақырыпқа сай әңгіме құруға "бөлме" ашады. Оған кіргендер видео және фото ресурстармен алмаса алады немесе жәй ғана пікір қалдырып, әңгімелесетін болады. Сонымен қатар, ашылған бөлмеде модератор тағайындап, кірушілердің санына шектеу қоюға мүмкіндіктер қаралған. Сыртқы процесс дәл Facebook желісінің жаңалықтар легіне ұқсайды.
Әзірге аталған қосымшаны тек iOS оперативті жүйемен жұмыс істейтін девайстар ғана қондыра алады. Сондай-ақ, тәжірибе ретінде "Rooms" тек Ұлыбритания мен АҚШ аумағында қол жетімді болып отыр.
Сурет: www.nextpowerup.com
Ж. Өрісбай