Facebook әлеуметтік желісінде ақау пайда болды

Facebook әлеуметтік желісінде ақау пайда болды
Фото: cont.ws

Facebook әлеуметтік желісінде пайда болған ақауға байланысты қолданушылар кіру кезінде күтпеген қиындықтарға тап болды.

Желіге кіру кезіндегі проблемалар 24 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша 22.30-да басталды. Әлеуметтік желілердің плагиндері жұмыс істемейді және мобильді қосымшалардан кіруге 20 минут бойы мүмкін болмай тұрды. Facebook өкілдері бұл ақауға қатысты әзірше пікір білдірген жоқ.


Facebook скриншоты

Сайтқа кіру кезінде "Sorry, something went wrong. We're working on it and we'll get it fixed as soon as we can." деген мәтін шығады. Мағынасы: "Кешіріңіз, бірдеңе болып қалды. Біз себебін анықтау үшін жұмыс істеп жатырмыз және проблеманы мүмкіндігінше тез шешеміз".  

Дереккөз: Тengrinews.kz

Е. Жұмабайұлы