Орталық Азияда алғаш рет қазақстандық Esil University Chartered Management Institute (CMI, Ұлыбритания) ең беделді кәсіби менеджмент қауымдастығымен келісімге қол қойды.
"Кәсіби сертификаттау жүйесіндегі университеттер: халықаралық деңгейге шығу" атты дөңгелек үстелге ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Бейсенғалиев, Құдайберген Бексұлтанов, Esil University қамқоршылық кеңесінің және директорлар кеңесінің мүшелері, Астана қаласы ЖОО өкілдері, сондай-ақ Esil University қызметкерлері мен студенттері қатысты.
"Біз жаңа білім бере отырып, жағдай жасаймыз, ХХІ ғасырда көшбасшы болатын мамандарды дайындаймыз, сондықтан халықаралық ынтымақтастық біз үшін өте маңызды. Бүгінгі кездесу ұзақ мерзімді қарым-қатынастың бастамасы болатынына сенімдімін", - деп атап өтті Esil University ректоры Аяпберген Таубаев.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ұлттық біліктілік жүйесін дамыту шаралары туралы ақпаратпен бөлісіп, ҚР Парламентінде "Кәсіби біліктілік туралы" заң жобасы қарастырылғаны туралы мәлімдеді.
"Жұмыспен қамтудың жаңа нысандары пайда болып жатыр, бұл бізге ресми академиялық білімнен басқа, бейресми білімнің жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Заман талабына сай фактілердің бірі, біз одан бас тарта алмаймыз, бұл әлемдік тәжірибе", - деді ол.
"Мен Esil University басшылығына және оның акционерлеріне алғыс айтқым келеді. Қазақстандық жекеменшік жоғары оқу орындары арасында CMI халықаралық кәсіби стандартына сәйкес студенттерді даярлауда алғашқылардың бірі болып, маңызды қадамға бару үлкен жауапкершілікті жүктейді!", - деп атап өтті ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Chartered Management Institute халықаралық бөлімінің басшысы Заин Мунир CMI бағдарламаларына шолу жасап, жұмыс берушілерге қандай дағдылар қажет екенін және CMI осыған байланысты қалай көмектесетінін егжей-тегжейлі айтып берді.
Сондай-ақ, ол қазіргі әлемде басқару және көшбасшылық қабілеттерін арттыру үшін әрбір адам сапалы білімге қол жеткізуі керек деп санайды.
Сонымен қатар, CMI Аймақтық Кеңесінің Төрағасы Таранджет Сингх бірегей Корольдік хартия негізінде CMI ең жоғары басқару жүйесінде сертификатталған менеджер мәртебесін бере алатын жалғыз ұйым екенін сөз етті.
CMI орталықтары Лондон бизнес және қаржы мектебінде, Кембридж аймақтық колледжінде, Бристоль қалалық колледжінде, Король университетінде (Бахрейн) және басқада жоғарғы оқу орнындарында ашылған.
Айта кетейік, менеджмент және экономика бағдарламаларының студенттері үшін CMI сертификатын енгізу Esil University студенттеріне ұйымды тиімді басқаруға қажет алдыңғы қатарлы жоспарлау дағдыларын дарытып қана қоймайды, сонымен қатар, олардың әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі болуға мүмкіндік беріп ғана қоймай, сертификатталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!