Epic Skateboards атты аустралиялық компания тарихта қалатын жаңалық ашты. Компания Dominator 3200 Pro атты электрлі скейтборд жасап шығарды. Бұл скейтбордтың ерекшелігі – әр дөңгелегі 800 Вт-тық жеке-жеке мотормен жабдықталған.
Қозғалтқыштың жалпы қуаты 3200 Вт-қа тең. Тағы бір ерекшелігі ол кедір-бұдырлы жерлерден еш қиындықсыз өтеді екен. Оған қоса, кішкентай ғана электрлі скейтборд сағатына 42 километр қашықтықты бағындыра алады.
Оның арнайы шиналары кез-келген кедергіден өтеді. Салмағы 31,4 килограммды құрайтын скейтборд максималды жылдамдықты 5 секундтың ішінде ала алады. Оған қоса, тапаншаға ұқсайтын арнайы басқарғыш құрылғысы арқылы басқарылады.
"Электрлі болғаннан кейін, оны қуаттау керек қой" деген мәселе туындары анық. Электрлі скейтбордты 36 V батереялар қуат көзімен қамтамасыз етіп отырады. Осы батареямен скейтборд бес сағатың ішінде толық қайта қуатталады. Компания басшылығы бұл "туындыларын" 1715 АҚШ долларына бағалаған екен.
Сурет: 24gadget.ru