E.gov платформасында ірі ақау шыққаны туралы хабар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
E.gov онлайн мемлекеттік қызметтер өкілдерінің сөзінше, бүгін enis.kz бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінің, e-Otinish мемлекеттік органдарына электрондық өтініштердің ресми платформасының және "электрондық үкімет" бөлек компоненттерінің дұрыс жұмыс істемеуі байқалған.
"Қазіргі уақытта барлық жүйе штаттық режимде жұмыс істейді. Ресми ақпарат көздеріндегі ақпаратты тексеруді және әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі белгісіз ақпарат көздеріне сенбеуді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!