Шанхай ынтымақтастық ұйымының EXPO-2017 көрмесінде жеке павильоны болады. Бүгін осы жұмысты іске асыратын топ өзара әріптестік туралы үш жақты келісімге қол қойды. Қазақстан тарапынан «Жасыл экономиканы дамыту және G-GLOBAL коалициясы» мен «G-GLOBAL халықаралық хатшылығы» атты үкіметтік емес ұйымдары мен Қытайдың «Жаңа Еурпазиялық топ» холдингі осы жобаны жүзеге асыруға атсалысады.
«Құрамына 18 ел кіретін оңтүстік-шығыс Азиядағы ірі ұйымның әлеуетін Астанада өтетін көрмеде тиімді пайдалану маңызды жұмыстың бірі», - дейді мамандар.
Қазірдің өзінде Қытайдың 100 технопаркі EXPO көрмесіне өз үлестерін қосуға әзір көрінеді. Сонымен қатар мәдениет пен ғылым, түрлі инновациялық тақырыптарға арналған 50-ден аса іс-шара ұйымдастырылатын болады.
Салтанат Рахимбекова, Жасыл экономиканы дамыту және G-GLOBAL коалициясының басқарма төрайымы: - Бұның ішінде Еуразиялық үлкен инновациялық форумды өткізу, халықаралық әйелдер жасыл форумын өткізу, ШОС мемлекеттерінің жасыл энергия деген форумын өткізу. Осындай бір оншақты форум өткізу, басқа да жан-жақты шараларды өткізу осы павильонның алаңында және осы павильоннан EXPO бағдарламасына ұсыныс жалпы үлкен.
Дереккөз: 24.kz