ER-BATYR жобасында "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында ақша тек өзгеріс үшін ресурс екенін, неліктен адам отбасысыз бақытты бола алмайтынын және әйелі екеулері қыздарынан айырылып қалған кезеңнен қалай өткені туралы айтады.
Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20:00-де ER-BATYR YouTube каналынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 19.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да қарай аласыздар.
Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.
Тимур Турлов - "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры. Циолковский атындағы Ресей меммлекеттік технологиялық университетін (МАТИ) бітірген. 15 жылдан аса уақыт халықаралық инвестиция саласында жұмыс істейді, АҚШ қаржы нарығы бойынша сарапшы.
ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.
Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.
Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан қараңыздар.