ER-BATYR жобасында Қуанышбек Есекеев киберспорт, ерлер достығы мен тәрбие туралы әңгімелейді

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы – "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев. Ол жүргізуші Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында Қазақстандағы киберспорттың болашағы, анасы мен әжесінің оның өміріндегі рөлі, математикаға қызығушылығы және отбасында ер адамның жоқтығы оған қалай әсер еткені туралы әңгімелейді. 

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 17:00-де ER-BATYR YouTube каналынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 16.30-да ВКонтакте желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да қарай аласыздар. Жобаның ұйымдастырушылары – Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер – "Жетінші арна" және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.  Жобаның серіктесі – Altel ұялы байланыс операторы.

ER-BATYR – ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары заңгер, блогер, марафон-жүзуші, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімханов, альпинизмнен еңбегі сіңген спорт шебері Мақсұт Жұмаев, Chocofamily Holding-тің негізін қалаушы және СЕО Рамиль Мухоряпов, "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Абжанов, танымал футболшы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Давид Лория, актер Тәуекел Мүсілім және белгілі қоғам қайраткері және әлеуметтік кәсіпкер Рауан Кенжеханұлы болған.