ER-BATYR. Дәрігер Киреев коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы айтады

ER-BATYR. Дәрігер Киреев коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы айтады
Фото: tengrinews.kz

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы – танымал отбасылық дәрігер және педиатр Дмитрий Киреев. Спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен COVID-19-ға қарсы вакцина туралы ойын, неліктен фармкомпаниялармен жұмыс істемейтінін, посткеңестік және батыс медицинасының ерекшеліктері, сондай-ақ коронавирус отандық денсаулық жүйесінде қандай мәселелерді ашқанын айтады. 

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 17:00-де ER-BATYR YouTube каналынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 16.30-да ВКонтакте желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да қарай аласыздар. Жобаның ұйымдастырушылары – Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер – "Жетінші арна" және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі – Altel ұялы байланыс операторы.

Дмитрий Киреев – отбасы дәрігері және педиатр, америкалық Отбасылық дәрігерлер қауымдастығының мүшесі (AAFP), курстардың авторы және дәрігер Киреевтің Отбасылық медицина мектебінің бас сарапшысы, дәлелді медицина туралы Insta-блогтың авторы, шамамен 130 мыңнан аса оқырманы бар. Сондай-ақ ол ультрамарафоншы IRONMAN-ның үш дүркін қатысушысы. 

ER-BATYR – ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін экс-футболшылар Давид Лория және Самат Смақов, актер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев сынды тұлғалар жоба қонағы болған еді. 

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube каналынан көре аласыздар.

Н. Үсенова