Don’t be selfish. Тоқаевтың ағылшын тілінде жасаған ескертуі қызу талқыға түсті

Қазақстан Президентінің теле-радио кешені TikTok-та ерекше видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео ПТРК ресми парақшасында жарияланды. Видеода кездесулердің біріне қатысушы қыз Қасым-Жомарт Тоқаевтан селфи жасауға рұқсат сұрайды. 

"Сізбен селфи жасасақ деп едік", - деп суретке өзі ғана түседі. 

Президент келісіп, селфи жасайды.

Артынша Тоқаев "Енді бәрімен бірге түсейік. Don't be selfish (өзімшіл болма-еск.)", - дейді селфи жасаған қызға. 

@ptrkkz #президент #dontbeselfish #ptrkkz #тркпрезидента #касымжомарттокаев #вреки #tiktok ♬ оригинальный звук - ТРК ПРЕЗИДЕНТА

"Краш қой", "Ауыр айтты", "Айтпақ болған нәрсесін ағылшынша әдемі жеткізді", "Қыз ұялып қалды", "Тоқаев тигр", - деген пікірлер жазылған видеоға. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!