Digital Kazakhstan: Енді сабаққа кітапсіз баруға болады

2024 жылғы 16 тамызда Республика сарайында 2024-2025 оқу жылының басталуына арналған "Цифрлық Қазақстан: жаңа замандағы білім беру" тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің тамыз саммиті өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Саммитке 2500 педагог, білім беру саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысты. Іс-шара педагогикалық ұжымның кәсіби деңгейін арттыруға, білім беру саласындағы тәжірибемен және жаңа технологиялармен алмасуға бағытталған.

© Суретте: Ерболат Досаев

Шарада Алматы әкімі Ерболат Досаев "Жеңіл портфель" жобасының сәтті енгізілгенін хабарлады.

"Біз қаладағы барлық мектеп оқушылары қосылған TopIQ.kz платформасы арқылы "Жеңіл портфель" жобасын сәтті енгіздік. Цифрлық оқулықтарды енгізу жаңартылатын ақпаратқа жылдам қолжетімділікті қамтамасыз етіп, оқу материалын түсінуді жақсартатын интерактивті элементтерді қамтыды және мектеп портфелінің физикалық салмағын азайтты. Жаңа оқу жылында платформада жасанды интеллект негізінде виртуалды репетиторды пилоттық режимде іске қосу жоспарланып отыр", - дейді Ерболат Досаев.

© Суретте: Айгүл Мақсотқызы

Алматы қаласы Білім басқармасының № 200 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айгүл Мақсотқызы аталмыш игіліктің білім беруде мол мүмкіндік ашатын жеткізеді.

"Цифрлық кітаптар планшеттерге, компьтерлерге енгізілген. Осының арқасында оқушылар мектепке қағаз оқулықты алып келмесе де болады. Цифрлы оқулықта барлық аудио және бейне-материалдар қамтылған. Бұл оқушыларға жан-жақты білім алуға мүмкіндік береді", - дейді  Айгүл Мақсотқызы.

© Суретте: Жасар Көшбаевич

TopIQ.kz платформасының арт медиа бөлімінің басшысы Жасар Көшбаевичта платформаның игіліктерімен бөлісті. 

"Електронды оқулықытарды ең алғаш қолданысқа енгізген біздің компания. Бүгінде платформа елімізді толық қамтып тұр. Каталогта 299 оқулық бар, бәрі өз баспамыздың өнімдері. Бұнда ектепке дейінгі даярлық сыныптарының дәптерлерінен бастап көркем әдебиеттерге дейін қамтылған. Платформа да онымен қоса ҰБТ-ға дайындық жасау мүмкіндігі де қарастырылған", - деді Жасар Көшбаевич.

TopIQ.kz платформасының маманы жақында "Қамқор" жобасын іске қосқандарын да жеткізді. Бұл жоба чат GPT негізінде, бірақ тек платформадағы кітаптар базасында жұмыс жайтын оқушылардың көмекші құралы болмақ екен.

Самитте онымен қоса дәптер тексеруге қабілетті "цифрлы мұғалім"осы оқу жылында іске қосылатыны айтылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!