Планшеттер нарығында үздік бестіктен түспейтін Dell компаниясы ағымдағы жылдың қараша айының соңына қарай жаңа Android-планшетті сатылымға шығаратынын жариялағанын компанияның ресми сайты хабарлайды.
Venue 8 7000 деген атауға ие болған жаңа аппараттың артықшылығы оның 3D-камерасында болмақ және ол сатылымда 499 АҚШ долларымен жүретін болады.
Планшет 2560х1600 пиксельді көрініспен қамтамасыз ететін 8,4-дюймді OLED-дисплеймен жабдықталған. Ал процессор ретінде 2,33-гигагерцті Intel Atom Z3500 қондырылған. Оперативті жадысы 2 ГБ, ал қосалқы жадысы 16 ГБ көлемді қамтиды.
Intel RealSense 3D-камерасы көлемді фото және видеоларды түсіріп қана қоймай, тұтынушыға алдыңғы камераға қолмен ишара қолдану арқылы планшеттегі қосымшаларды басқаруға мүмкіндік бере алады.
Сурет: www.dell.com
Оқи отырыңыз:
HP компаниясы жаңа планшет жасап шығарды
Әлемдегі ең жұқа планшет таныстырылды
36 сантиметрлік планшет жасалады
Windows-планшеттер 12 000 теңгеден сатылады
Apple әлемдегі ең үлкен планшет шығарады