Көптеген эстрада жұлдыздарының әніне мәтін жазып беретін рэпер De Lacure көбінесе авторлығын көрсетпеуге тырысатынын айтты. Себебін сұрағандарға оны халтура деп есептейтінін жасырмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Рэпер бұл туралы "OZMZ ғой" бағдарламасына берген сұқбатында мәлімдеді.
Мысалы, Айқын Төлепбергеннің орындауындағы "Сұлуым" әнінің авторы - De Lacure. "Сұлуым" әніндегі рэп автордың "Unaisyn" трегінің бір бөлігі болған. Кейін Айқын Төлепбергенге ескертіп "Unaisyn" трегі жарыққа шыққан.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз