• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Damumed ақпараттық жүйесіне заңсыз қол жеткізгендер әшкереленді

Damumed ақпараттық жүйесіне заңсыз қол жеткізгендер әшкереленді
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Жетісу облысының екі тұрғыны Damumed ақпараттық жүйесіне заңсыз қол жеткізгені үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

"Тергеу барысында олар медициналық қызметкерлердің тіркелгілерін заңсыз иемдену арқылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Тіркелген халық тізілімі" және Damumed ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені анықталды", - деп жазылған хабарламада.

ҰҚК баспасөз қызметі

Сот шешімі

Биыл 30 қаңтарда Талдықорған қаласы сотының шешімімен күдіктілер Қылмыстық кодекстің 205-бабының 2-бөлігіндегі, 208-бабының 2-бөлігіндегі қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

"Оларға 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл 1 млн 200 мың теңгеге жуық.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget