Алматыда логистикалық индустрияның әлемдік көшбасшысы DHL компаниясы және 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу дирекциясы МҚ ынтымақтастыққа қол қойды. Бұл туралы Универсиаданың ресми сайтында жарияланды.
Келісім негізінде DHL компаниясы Дирекцияның құнды заттары мен жүктерін тасымалдаумен айналысады. Мәселен, компания Универсиада уақытында 100 тонна спорттық инвентарьді тасымалдамақ.
Баспасөз-мәслихаты барысында Универсиада дирекциясы директорының орынбасары Камила Лұқпанова алдағы ойындарды өткізуде аталған серіктестің маңыздылығын атап өтті.
«Логистика - Универсиаданың басты маңызды бөлігі. Біз, DHL компаниясының спорттық шараларды қолдау бойынша мол тәжірибесі бар екенін білеміз. Олардың бізге қол ұшын беріп, логистикалық мәселелерді шешуге атсалысатыны өте қуантады», - деп атап өтті Камила Луқпанова.
Өз кезегінде, DHL Freight Ресей және ТМД директоры Марко Ляйневебер, DHL компаниясының логистика бойынша тәжірибесі мол екенін айта отырып, бар білгені мен түйгендерін алдағы ойындарда іске асырып көрмек.
«Бүгін біз DHL компаниясының 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың логистика бойынша ресми серіктесі атанғанын қуанышпен хабарлағымыз келеді. Аталған спорттық доданы өткізу Қазақстан Республикасы үшін аса маңызды екенін білеміз. DHL, бұған дейінде осыған ұқсас шараларға қолдау көрсеткен. Мәселен, 2014 жылғы Сочи Олимпиадасы мен футболдан әлем чемпионатын айтуға болады. Сондықтан, әлемдегі логистика бойынша ірі компания үшін аталған жобаға атсалысу маңызды болып есептеледі», - деді DHL Freight Ресей және ТМД директоры Марко Ляйневебер.
DHL Компаниясы – экспресс-жеткізулер мен логистика саласының көш басшысы. DHL экспрес-жеткізулер мен логистиканың әлемдік көш басшысы, клиенттерге жаңашыл және жеке танымның толық спектрін ұсынады. Бұл компанияда 220 мемлекетте 340 000 қызметкер жұмыс істейді. 2015 жылы таза табысы 59 млрд. еуроны құраған.
Еске салайық 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді. Қысқы Универсиада бағдарламасына 12 спорт түрі кірген. Сайыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп жоспарланған. Универсиада уақытында 3 мың ерікті жұмылдырылады. 30 мың отандық әрі шетелдік туристтер келеді деп күтілуде. Универсиаданы 80 елден 1 млрд адам тамашалайды.