D дәрумені тапшылығын қалай білуге болады?

Иммунитеттің әлсіреуі мен шамадан тыс тамақ жеуге құмарлық ағзада D дәруменінің жетіспейтінін білдіруі мүмкін. Бұл туралы диетолог-эндокринолог Антон Поляков "Аргументы и факты" басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"D дәрумені жетіспегенде адамның көңіл күйі түсіп, тамақтану дағдысы өзгеруі мүмкін. Атап айтқанда, тәбеті ашылып, шамадан тыс тамақ жеуге бейім болады. Сондай-ақ, иммунитеті де әлсіреуі ықтимал", – деді дәрігер.

Маманның айтуынша, D дәруменінің тапшылығы сүйектің беріктігін төмендетіп, мазасыздық пен күйзеліске де әсер етуі мүмкін.

Алайда бұл белгілер басқа себептерден де туындауы ықтимал. Сондықтан D дәруменінің тапшылығын тек белгілерге қарап анықтауға болмайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!