- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- D дәрумені көп...
D дәрумені көп кездесетін тағамдар аталды
Егер күн көзінен жеткілікті мөлшерде қажет затты ала алмасаңыз, дұрыс тамақтану арқылы ағзаны нығайтуға тырысу қажет, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Кейінгі кезде дәрігерлер мен ғалымдар D дәруменінің маңызы туралы көп айтады. Мәселе мынада, ол біздің денемізде табиғи түрде ультракүлгін сәуле әсерінен синтезделеді, оны "күн" дәрумені деп те атайды.
Дәруменді жеткілікті мөлшерде алу үшін сағат 10.00-16.00 аралығында шуақты ауа райында шамамен 15-30 минут жүру керек.
Алайда күн көзі жетпеген жағдайда кейбір тағамдарда да "күн дәрумені" бар. Мамандар бұл тағамдарға мына тізімдегілерді жатқызады:
- Лосось
- Балық майы
- Майшабақ
- Балық консервілері
- Сүт
Айта ктеейік, D дәрумені - барлық орган мен жүйеге қажет элемент. D дәрумені ағзаға не үшін керек? Ол қандай өнімдерде бар? Бұл элементтің ағзаға жетіспейтінін қалай білуге болады? Massaget.kz D дәрумені жайлы толық ақпарат ұсынады. Мына жақтан оқи аласыздар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова