Атырауда жаяу жүргіншілер көпірінен суға секірген адам құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін 112 желісіне Атырау қаласы Тұрғындар шағынауданындағы жаяу жүргіншілер көпірінен белгісіз адам суға секіріп кеткені жөнінде хабарлама түскен.
"Шақырту орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары адамды судан шығарып, қайық үстінде алғашқы көмек көрсетіп, есін жидырды. Құтқарылған адам жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды", – деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты қаза тапқаны хабарланды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде 22 қыркүйекке қараған түні Шекара академиясының курсанты Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіргені туралы ақпарат пайда болды. Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!