- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Cтуденттерге 42 500...
Cтуденттерге 42 500 теңге беріле ме?
Студенттер де 42 500 теңге алуы мүмкін. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов брифинг кезінде хабарлады.
- Студенттер еліміздің кәмелетке толған азаматтары. Еңбек кодексі бойынша 16 жастан бастап жұмыс істеуге болады. Шәкіртақы ала ма, алмай ма, ол жағы маңызды емес. Олар жұмыс жасауы мүмкін. Ешкім оған шектеу де қоймайды. Сондықтан студенттердің көбі оқуға кедергі болмайтын уақыттарда жұмыс істейді. Мейрамханаларда даяшы, дүкендерде сатушы болып жұмыс істейтіндері бар. Олар ресми және бейресми жұмыс істеп жүр. Студенттерге де жалпы барлық азаматтарға бірдей тәртіп тарайды.
Егер ресми жұмыс істесе, жұмыс беруші береді. Ал өз бетінше ақша тауып жүргендер болса, өтініш берулері қажет. Бірақ, одан бір күн бұрын бірыңғай жиынтық төлемді төлеуі керек. Сол кезде әлеуметтік төлем алады. Біз шәкіртақы алатындығын, не алмайтындығын тексеріп жатпаймыз, - деді министр брифинг кезінде.
Елімізде филиалдарымен қоса есептегенде 129 жоғарғы оқу орны бар. Оның 2/3-і жекеменшік оқу орындары болса, 4-і шетелдік саналады. Қалғандары - мемлекеттік оқу орындары.
Жалпы студенттер саны 604,3 мың адамды (халықтың 3%-ы) құрайды. Бұл өткен жылғы оқу маусымымен салыстырғанда 11,4%-ға артқан. Оның тең жартысы – қыздар (322 мың).
Студенттердің 80%-ы күндізгі оқу бөлімінде білім алады. 14,9%-ы сырттай болса, 5,5% кешкі оқу бөлімінде. Студенттердің 2/3 бөлігі мемлекеттік тілде оқиды. 30,2%-ы орысша болса, 4,6%-ы ағылшын тілін таңдаған.
Студенттердің 3/1 бөлігінен азы (180 мың) мемлекеттік грант бойынша білім алады. 70%-ы (424,3 мың) ақылы бөлімде оқиды.
Айта кетейік, бүгінге дейін 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алуға 3 млн 703 мың адам өтініш берді. Әлеуметтік төлем қазіргі таңда 75,6 млрд теңге сомасына 1 млн 779 мың адамға тағайындалды.
Н. Үсенова