Cотта соңғы сөзін сөйлей алмай қалған ер адамның ісі қайта қаралмақ

Алматы облысында сотта соңғы сөзін сөйлей алмай қалған ер адамның ісі қайта қаралады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ер адам заңсыз есірткі айналымы үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырған.

Істі зерделеу барысында Бас прокуратура сотталушының қорғану құқығы елеулі түрде бұзылғанын анықтаған.

Сотталушы денсаулығы нашарлауына байланысты сот жарыссөзіне қатыспай, соңғы сөзін айту құқығын пайдалана алмаған.

Осылайша кассациялық сатыдағы сот прокурордың қорытындысына сүйеніп, сот актілерінің күшін жойып, қылмыстық істі жаңадан сот қарауына жіберді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз