Cookies дегеніміз не және ол не үшін қажет?

Cookies дегеніміз не және ол не үшін қажет?
Фото: коллаж: screenshot, depositphoto

Белгілі бір сайттарға кірген кезде cookies файлдарын өңдеуге келісім сұрайтын сайттардағы қалқымалы терезелер шығады. Cookies дегеніміз не және олар не үшін қажет? Massaget.kz тілшісі түсіндіреді.

Cookies - бұл біздің компьютеріміздегі кішігірім мәтіндік файлдар, олар біздің бұған дейін кірген веб-сайттарда әрекетіміздің қандай болғанын есте сақтайды.

Файл-cookie есептік жазбаларға кіруден басқа да ақпаратты есте сақтай алады. Олар:

  • пайдаланушының не ұнататынын, мысалы, тіл, валюта немесе қаріп өлшемі;
  • қараған немесе себетке қосқан тауарлар;
  • бұрын сайтқа енгізген мәтін;
  • пайдаланушының IP мекенжайы мен орналасқан жері;
  • сайтқа кірген күні мен уақыты;
  • ОЖ және шолғыш нұсқасы;
  • нұқу және басу өтпелер.

Фото: скриншот

Cookies қалай жұмыс істейді?

Біз сайтта қандай да бір әрекетті істеген кезде, мысалы, себетке тауар қосқанда немесе тіркелгіге кіру мәліметтерін енгізгенде, сервер бұл ақпаратты кукиге жазады және браузерге парақпен бірге жібереді. Біз сайттың басқа бетіне кіргенде немесе оған біршама уақыттан кейін кіргенде, браузер кукиді кері жібереді.

Кукидің уақытша және тұрақты екі түрі бар. Тұрақты кукилер сайттың қойындысын жапқанда компьютерде қалады, ал уақытша кукилер жойылады. Белгілі бір сайтта кукидің нақты қай түрін қолдану керегін жасаушы шешеді. Сондықтан кейбір сайттарға бірнеше күн бойы кірмесек те, біздің аккаунт сақталып тұрады, ал басқа сайттарға құпиясөзді қайтадан енгіземіз. 

Cookies және қауіпсіздік

Негізі "cookie" файлдардан қауіп жоқ, бұл қарапайым мәтіндік файлдар. Олар компьютердегі процестерді басқара алмайды және операциялық жүйемен мүлдем әрекеттесе алмайды. Бірақ оларды үшінші тұлғалар сіздің желідегі бұрынғы әрекеттеріңізді бақылап, аккаунтқа кіруге мүмкіндік алу үшін ұрлауға тырысуы мүмкін.

Әдетте "cookie файлдарына" жазылған ақпарат жіберілмес бұрын шифрланады және "cookie файлдарының" өзі HTTPS протоколы арқылы жіберіледі. Бұл пайдаланушы деректерін қорғауға көмектеседі, бірақ шифрлауды енгізуге және қауіпсіз жіберуге сайт әзірлеушісі жауап береді. Сайтқа кірушілер бәрінің сауатты орнатылғанына тек үміттене алады. Пайдаланушы өз тарапынан браузерге кукиді қолдануға немесе оларды мезгіл-мезгіл тазалауға тыйым сала алады.

"Cookie файлдарын" толығымен өшіру де дұрыс емес. Мысалы, барлық интернет-дүкен cookies көмегімен жұмыс істейді. Егер сіз браузерге оларды пайдалануға тыйым салсаңыз, сервер себетке не қосқаныңызды нақты есте сақтай алмайды. "Cookie файлдарын" қолмен тазалау ыңғайлырақ, бірақ белгілі бір сайтқа кіретін кезде әрдайым деректеріңізді қайта енгізіп отыру керек болады. 

Неліктен "cookies"?

Бұл файлдардың неліктен ағылшын тілінен аударғанда "пістенан" - "cookies" деп аталғаны нақты белгісіз. Бұл ағайынды Гриммдердің "Гансель мен Гретель" ертегісіне сілтеме деген теория бар. Онда балалар үйге қайтар жол табу үшін жолды пістенанның үгінділерімен белгілейді. Бұл cookie файлдары арқылы пайдаланушының онлайн әрекеттерін бақылауға ұқсайды.

Басқа нұсқа бойынша, бәрі жетпісінші жылдардың соңында Unix бағдарламашыларынан басталады. Олар бір бағдарламадан екіншісіне берілетін шағын деректер пакетін "magic cookie" тіркесімен белгіледі. Бұл термин fortune cookie-ге қытайлық сәттілік пістенанына ұқсас, олардың әрқайсысынан болашаққа сиқырлы болжам табуға болады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә