Солтүстік Қазақстан облысында жағаұстатарлық жағдай болды. Шал ақын ауданына қарасты Бірлік ауылының 67 жастағы тұрғыны баласынан таяқ жеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, күдікті әкесін балағаттап, артынша қол көтеріп жатқан әрекетін өзінің ұялы телефонына түсірген. Кейін видеоны әлеуметтік желіге жариялаған.
Бұл видео қоғам наразылығын тудырған. Осы жайтқа қатысты тексеріс жүргізіліп, көп ұзамай күдікті ұсталған. Ол бұл әрекетті ішімдік ішіп жасағаны белгілі болған.
Ол сот шешімімен уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал зейнеткер ұлына ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, арыз жазудан бас тартқан.
"Тексеріс барысында сол ауданның 22 жастағы тұрғыны анықталды. 22 жастағы ер адам бұған дейін де тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бүгінде оған қатысты әкімшілік материал жиналып, тәртіптік жаза қолданылды. Бес тәулікке қамауға алынды", - деді ПД бөлім бастығы Сән Жұмағазина.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!