Chia Tai қаржы пирамидасы: іс сотқа жолданды

Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group қаржылық (инвестициялық) пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түркістан облысының прокуратурасы 2022-2023 жылдары Төле би ауданы аумағында орын алған Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group қаржылық (инвестициялық) пирамидасының заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық істі сотқа жолдады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен қылмыстық іске 20 тұлғаның қатысы бары анықталды.

Олардың іс-әрекеті салдарынан 279 жәбірленушіге жалпы - 391,7 млн теңге материалдық залал келтірілген. Тергеу барысында күдіктілердің қылмыстық жолмен табылған мүліктеріне тыйым салынды.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Chia Tai Pharmaceutical қаржы пирамидасының басшысы сотталған болатын. 

Айыптаудың мәні

Ш. Астана қаласының аумағында Chia Tai Pharmaceutical қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарып, 2022-2023 жылдар аралығында Қытайға фармацевтикалық препараттары бар медициналық құрылғыларды өндірумен және экспорттаумен айналысатын фармацевтикалық зауыттың қызметіне бағытталған заңды инвестициялау түріндегі салымшылардың қаражатын заңсыз тартуды, қосымша зауыттар салуды және биологиялық тұрғыдан белсенді қоспаларды жетілдіруді жүзеге асырды.

Бұл ретте қаражатты басқа адамдардың жарналары есебінен байыта отырып, қайта бөлу орын алған.

Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде Ш. 12 жәбірленушіге 29 278 762 теңге сомасында материалдық шығын келтірген. Сотталушының кінәсі куәлердің айғақтарымен, маманның қорытындыларымен дәлелденді.

Тараптардың ұстанымы

Прокурор 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 7 жәбірленуші бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза, ал қалған 5 жәбірленуші жаза тағайындауды соттың қарауына қалдыруды сұрады. Адвокат пен сотталушы бас бостандығынан айыруға байланысты емес үкім шығаруды сұрады.

Сот үкімі

ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармақшасының санкциясымен мүлкі тәркіленіп, сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сотталушының шын жүректен өкінуі, қылмыстық жауаптылыққа бірінші рет тартылуы жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылды.

Ауырлататын мән-жайлар анықталмады. 

Сот жәбірленушілерге қылмыспен келтірілген материалдық зиянды өтемеуді, сондай-ақ жеңілдететін мән-жайларды және ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2-тармағын ескере отырып, ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармақшасы бойынша Ш-ны кінәлі деп танып, оған азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз