Chevrolet Оnix - Қазақстан нарығы үшін супер-модель. Себебі жаңа модельде бәрі ұштасқан: жарқын дизайн, заманауи интерьер, жайлылық пен қауіпсіздік үшін қажет опцияның бәрі бар.
Автокөліктегі круиздік бақылау жүйесі жүріс кезінде жайлылықты қамтамасыз етеді. Егер ұзақ жол жүрсеңіз оңай және ыңғайлы жүресіз деген сөз. Қауіпсіздік жүйелері төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектеседі және жолдың сапасы қандай болса да автокөліктің әрдайым ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді. Бүгінде Chevrolet Оnix автокөлігіне деген сұраныс күн сайын артып келе жатыр.
Көлік бағасы 5 990 000 теңгеден басталады. Сатып алушылар Onix автокөлігін несиеге рәсімдеп те ала алады. Ол үшін:
Айта кетейік, такси қызметінде Chevrolet Оnix "Комфорт" және "Комфорт+" санатына кіреді.
Көліктің кілтін қолыңызға алғаннан кейін қуанып, бірден қайтып кетпеңіз. Себебі автосалон арнайы көлігіңізге 3 жылға немесе 100 000 шақырымға дейін кепілдік береді. Сонымен қатар, әр 5-6 мың шақырымнан кейін автосервисте техникалық тексеріс жүргізуге болады. Егер зауыт тарапынан кеткен ақау болса, кепілдік бойынша қызмет тегін көрсетіледі. Техникалық қызмет көрсету уақыты да көп емес: 1-1,5 сағаттың ішінде көлігіңіз дайын болады.
Сондай-ақ көлікпен 3000 шақырым жүргеннен кейін оны тексеріске жібересіз. Ең алдымен көліктің жүріс бөлігіне диагностика, жүріс бөлігінің айдалуына, антифриз және тежегішке тексеріс жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстарына қандай кепілдіктер беріледі?
Мұндай жағдайда көліктің қандай жағдайда екеніне және зақымдалған тұсына баға беріледі. Егер зауыт тарапынан шыққан ақау салдарынан оқыс оқиға болса кепілдік бойынша бәрін автосалон жөндеп береді.
Алматылық тағы бір тұрғын Chevrolet Оnix-тің сапасы жақсы, бағасы тиімді екенін атап өтті.
"Маневр жағы керемет. Қалаған жерімізге төрт адамға дейін ұзақ жолдарға шығып жүрдік. Келесі көлікті басып озғанда ешқандай қиындықсыз жүрдім. Осы уақытқа дейін менде көлемі үлкен көлік болды. Солармен салыстырғанда олардан еш кемшілігі жоқ. Тауға шықсам да, қырға шықсам да көліктің қиналған даусын естіген жоқпын", дейді Chevrolet Оnix-тің иесі.
Алматылық Ариф есімді тұрғынның Chevrolet Оnix-ті тізгіндеп жүргеніне 1,3 жыл болған. Ол көлігін салоннан шамамен 8 миллион теңгеге сатып алған.
"Chevrolet Оnix-ті алғалы бері біраз жерге бардым. Тіпті Алматыда Chevrolet Оnix клубын аштым, осылайша айына бір рет жиналып тұрамыз. Бұл көлікті алғалы ешқандай мәселе туындаған жоқ. Бір жылда Ташкент қаласына екі рет бардым, одан бөлек, елімізде Астана, Қарағанды, Шымкент қалаларына бардым. Жолда көлікпен ешқандай проблема туындаған жоқ. Тасжолдарда жүйрек, еш қиналмай жүреді. Мен әлі студент болғандықтан арасында такси қызметін де атқарып тұрамын. Көлікке 4 адам отырса да ешкім қысылмай отырады. Қозғалтқышы 3 цилиндр және мөлшері 1,2 болса да тауға қиналмай көтеріле алады", - дейді Ариф.
Алматылық жігіт Chevrolet Оnix-ті B санатындағы №1 седан деп баға берді.
"Себебі Chevrolet Оnix өзінің баға нарығында бағасы сапасына сай деп ойлаймын: көлікте климат бақылауы бар, жылдамдықты шектеу, круиз бақылау, жартылай автоматты тұрағы, люк, отырғыштары теріден жасалған, телефонды сымсыз қуаттау, кілтсіз ашу және тағы басқа да артықшылықтары бар. Мұндай бағаға бұдан артық көлікті қайдан табуға болады?", - дейді Ариф.
Ариф көліктің кілтсіз ашылу функциясын ерекше атап өтті.
"Кілті қалтаңызда болса көлікті емін-еркін ашып, жауып, оталдырып жүрсеңіз болады. Сонымен қатар, жолда көліктің желі шығып кетеді деп қорықпасаңыз болады. Себебі 4 дөңгелекте де қысым бергіші тұр. Chevrolet Оnix-тің тағы бір ерекшелігі - егер ауа райы 0 градустан төмен болса, көлік жол тайғақ екенін және жылдамдықты баяулату керегін ескертеді.
Chevrolet Оnix-тің өз сегментіндегі басқа седандарға қарағанда артықшылығы - ақылы автотұрағының болуы. Яғни жүргізуші көлігін қалаған автотұрағына емін-еркін қоя алады. Бұл әйел адамдар үшін өте пайдалы функция деп ойлаймын.
Суреттер: chevrolet-auto.kz
Серіктестік материал