Chevrolet Onix - арманыңыздағы көлікке оңай қол жеткізіңіз!

Chevrolet Onix - арманыңыздағы көлікке оңай қол жеткізіңіз!

Chevrolet Оnix - Қазақстан нарығы үшін супер-модель. Себебі жаңа модельде бәрі ұштасқан: жарқын дизайн, заманауи интерьер, жайлылық пен қауіпсіздік үшін қажет опцияның бәрі бар. 

Автокөліктегі круиздік бақылау жүйесі жүріс кезінде жайлылықты қамтамасыз етеді. Егер ұзақ жол жүрсеңіз оңай және ыңғайлы жүресіз деген сөз. Қауіпсіздік жүйелері төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектеседі және жолдың сапасы қандай болса да автокөліктің әрдайым ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді. Бүгінде Chevrolet Оnix автокөлігіне деген сұраныс күн сайын артып келе жатыр. 

Көлік жайлы қысқаша ақпарат:

  • атмомоторлы;
  • бес беріліс қорабы бар;
  • алдыңғы орындық, артқы орындық жылыту жүйелері;
  • артқы бақылау камерасы бар;
  • кілтсіз ашу жүйесі бар классикалық седан;
  • круиз бақылау;
  • климат бақылау; 
  • мультимедия; 
  • жүргізуші рөлді өзіне ыңғайсыз етіп қойып алуына болады. 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Көлік құны қанша? 

Көлік бағасы 5 990 000 теңгеден басталады. Сатып алушылар Onix автокөлігін несиеге рәсімдеп те ала алады. Ол үшін: 

  • Алғашқы жарна 10 пайыз, яғни 599 мың теңге төлесеңіз, көлікті 7 жылға несиеге рәсімдеп, айына 120 000 теңгеден төлеп ала аласыз; 
  • Егер алғашқы жарна ретінде көлік құнының 30 пайызын төлесеңіз 7 жылға ай сайын 92 000 теңгеден төлеп ала аласыз; 
  • Ал 50 пайыз, яғни 2 995 000 теңге алғашқы жарна құйсаңыз 7 жыл ай сайын 67 000 мың теңгеден төлеп алсаңыз болады. 

Айта кетейік, такси қызметінде Chevrolet Оnix "Комфорт" және "Комфорт+" санатына кіреді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Көлікті сатып алғаннан кейін не істеу керек? 

Көліктің кілтін қолыңызға алғаннан кейін қуанып, бірден қайтып кетпеңіз. Себебі автосалон арнайы көлігіңізге 3 жылға немесе 100 000 шақырымға дейін кепілдік береді. Сонымен қатар, әр 5-6 мың шақырымнан кейін автосервисте техникалық тексеріс жүргізуге болады. Егер зауыт тарапынан кеткен ақау болса, кепілдік бойынша қызмет тегін көрсетіледі. Техникалық қызмет көрсету уақыты да көп емес: 1-1,5 сағаттың ішінде көлігіңіз дайын болады. 

Сондай-ақ көлікпен 3000 шақырым жүргеннен кейін оны тексеріске жібересіз. Ең алдымен көліктің жүріс бөлігіне диагностика, жүріс бөлігінің айдалуына, антифриз және тежегішке тексеріс жүргізіледі. 

Жөндеу жұмыстарына қандай кепілдіктер беріледі? 

  1. Көлікке толық диагностика жасау
  2. Көліктің жүріс бөлігі тексеріледі
  3. Көліктің майын ауыстыру 
  4. Көліктің май және сүзгі фильтрі ауытырылады 
  5. Ауа сүзгісі ауыстырылады

3 жыл немесе 100 000 шақырым жүргеннен кейін кепілдік уақыты өткен соң оқыс оқиға болып қалса не болмақ? 

Мұндай жағдайда көліктің қандай жағдайда екеніне және зақымдалған тұсына баға беріледі. Егер зауыт тарапынан шыққан ақау салдарынан оқыс оқиға болса кепілдік бойынша бәрін автосалон жөндеп береді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Chevrolet Оnix иесі көлік жайлы не дейді?

Алматылық тағы бір тұрғын Chevrolet Оnix-тің сапасы жақсы, бағасы тиімді екенін атап өтті. 

"Маневр жағы керемет. Қалаған жерімізге төрт адамға дейін ұзақ жолдарға шығып жүрдік. Келесі көлікті басып озғанда ешқандай қиындықсыз жүрдім. Осы уақытқа дейін менде көлемі үлкен көлік болды. Солармен салыстырғанда олардан еш кемшілігі жоқ. Тауға шықсам да, қырға шықсам да көліктің қиналған даусын естіген жоқпын", дейді Chevrolet Оnix-тің иесі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Алматылық Ариф есімді тұрғынның Chevrolet Оnix-ті тізгіндеп жүргеніне 1,3 жыл болған. Ол көлігін салоннан шамамен 8 миллион теңгеге сатып алған. 

"Chevrolet Оnix-ті алғалы бері біраз жерге бардым. Тіпті Алматыда Chevrolet Оnix клубын аштым, осылайша айына бір рет жиналып тұрамыз. Бұл көлікті алғалы ешқандай мәселе туындаған жоқ. Бір жылда Ташкент қаласына екі рет бардым, одан бөлек, елімізде Астана, Қарағанды, Шымкент қалаларына бардым. Жолда көлікпен ешқандай проблема туындаған жоқ. Тасжолдарда жүйрек, еш қиналмай жүреді. Мен әлі студент болғандықтан арасында такси қызметін де атқарып тұрамын. Көлікке 4 адам отырса да ешкім қысылмай отырады. Қозғалтқышы 3 цилиндр және мөлшері 1,2 болса да тауға қиналмай көтеріле алады", - дейді Ариф. 

Алматылық жігіт Chevrolet Оnix-ті B санатындағы №1 седан деп баға берді. 

"Себебі Chevrolet Оnix өзінің баға нарығында бағасы сапасына сай деп ойлаймын: көлікте климат бақылауы бар, жылдамдықты шектеу, круиз бақылау, жартылай автоматты тұрағы, люк, отырғыштары теріден жасалған, телефонды сымсыз қуаттау, кілтсіз ашу және тағы басқа да артықшылықтары бар. Мұндай бағаға бұдан артық көлікті қайдан табуға болады?", - дейді Ариф. 

Ариф көліктің кілтсіз ашылу функциясын ерекше атап өтті. 

"Кілті қалтаңызда болса көлікті емін-еркін ашып, жауып, оталдырып жүрсеңіз болады. Сонымен қатар, жолда көліктің желі шығып кетеді деп қорықпасаңыз болады. Себебі 4 дөңгелекте де қысым бергіші тұр. Chevrolet Оnix-тің тағы бір ерекшелігі - егер ауа райы 0 градустан төмен болса, көлік жол тайғақ екенін және жылдамдықты баяулату керегін ескертеді.  

Chevrolet Оnix-тің өз сегментіндегі басқа седандарға қарағанда артықшылығы - ақылы автотұрағының болуы. Яғни жүргізуші көлігін қалаған автотұрағына емін-еркін қоя алады. Бұл әйел адамдар үшін өте пайдалы функция деп ойлаймын.   

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Суреттер: chevrolet-auto.kz

Серіктестік материал

С. Сатыбалдина