Биыл Еуропадағы халқы ең аз ауыратын елдер Испания, Италия және Исландия болды. Бұл елдерде аурушаңдықтың төмен болуының себептерінің бірі – скринингтік тексерулердің ауқымы. Бұл елдердің еңбекке қабілетті халқы жыл сайын Check-Up-тан өтіп тұрады, қызметкерлердің кейбірі осы үшін демалыстан да бас тартады. Сонымен қатар Исландия Даун синдромы бар балалар дүниеге келмейтін әлемдегі алғашқы ел болуы мүмкін. Мұның бәрі босану алдындағы міндетті Check-Up-тың арқасында.
Қазақстан дені сау елдер рейтингінде 68-орында тұр, бірақ бізде ұмтылатын нәрсе бар. Жыл сайын мемлекет белгілі бір жас санаттары үшін жаппай тегін скринингтер өткізеді, өз бетінше Check-Up жасағысы келетіндер көбейіп келеді. Бұл қандай тексеру, оны қаншалықты жиі тапсыру керек? Мұны "Орталық клиникалық аурухана" АҚ (Совминка) емханасының ақылы қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Диляра Рәзиева айтып берді.
"Check-Up – денсаулығы туралы көбірек білгісі келетін пациенттерге арналған кешенді медициналық қызмет. Ол жылына бір рет жасалуы керек, адам тіпті өзін сау сезінсе де, аурулар бірден біліне бермейді және белгілері бірден байқалмайды. Check-Up әртүрлі бола береді: кардиологиялық, асқазан-ішек, неврологиялық, мазалаған органды толық тексеру. Егер денсаулыққа қатысты проблемалар болмаса, онда бүкіл денедегі патологияларды - жүрек, қан тамырлары, қант диабеті, неврологиялық бұзылулар, онкология және тағы басқа проблемаларды анықтайтын негізгі тексеруден өткен жөн. Біз дәрігерлер ауруды тезірек емдеу үшін алдын ала анықтап алған дұрыс деп үнемі айтып жүрміз", - деді ол.
Көп адам мұндай скринингтерден қорқып жатады, олар ауруханаға түскеннен кейін міндетті түрде бірдеңе табады деп ойлайды. Бұл қорқынышпен қалай күресуге болады?
Тексерістен өту салауатты өмір салтының бір бөлігі, өзіңізге деген сүйіспеншілік пен құрметтің көрінісі екенін түсінуіңіз керек. Алайда мен сізге тыныш өмір сүру үшін немесе проблемаларды дер кезінде жою және оларды бақылау үшін міндетті деп қарауға кеңес беремін.
Біздің ауруханада қазір желтоқсан айының соңына дейін 3-5 күнде және амбулаториялық-емханада өтуге болатын стационарлық Check-Up төсектеріне 20 пайыздық жеңілдік бар. Жаңа жылға өзіңізге сыйлық жасап, оған сау болып аяқ басуға немесе қажетті ұсыныстармен өз денсаулығығыз туралы көбірек білуге тамаша мүмкіндік туып тұр. Совминдегі Check-Up-тың ерекшелігі - ең әуелі мұнда пациенттермен сөйлесе алатын және оларға бәрін түсіндіре білетін тәжірибелі мамандар жұмыс істейді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз