Cауда үйінің қызметкері зейнеткердің шотынан ірі көлемде қаражат ұрлаған

Cауда үйінің қызметкері зейнеткердің шотынан ірі көлемде қаражат ұрлаған
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында сауда үйінің қызметкері зейнеткердің шотынан ірі көлемде қаражат ұрлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

24 желтоқсанда Степногорск қаласының полиция басқармасына 66 жастағы жергілікті тұрғыннан ұрлыққа байланысты арыз түсті.

Зейнеткердің айтуынша, 20 желтоқсан күні ол қаладағы сауда үйлерінің бірінен тауар сатып алғаннан кейін шотынан 750 мың теңгенің жоғалғанын байқаған.

Алдын ала тергеу нәтижесінде анықталғандай, тауар таңдау барысында жәбірленуші дүкеннің кеңесшісінен несие арқылы сатып алуды рәсімдеуге көмек сұраған. Құжаттарды рәсімдеу кезінде кеңесші оның сенімін теріс пайдаланып, зейнеткердің шотындағы ақшаны өз есепшотына аударып алған.

Бұл дерек бойынша полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Полиция қызметкерлері тұрғындарға қаражат қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды ескертулер жасайды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина