- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- COVID-19 пандемиясы әлі...
COVID-19 пандемиясы әлі аяқталмады - ДДСҰ басшысы
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясы әлі де аяқталмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Xinhua.
Ұйым Еуропа елдеріне қарт адамдарға, иммунитеті әлсіз адамдар мен аяғы ауыр әйелдерге, сонымен қатар, медициналық мекемеде жұмыс істейтіндерге вакцинаның үшінші дозасын салуды ұсынды.
"Вирустың жаңа толқыны жүріп жатыр, пандемия әлі аяқталмады және вирус еркін тарап жатыр", - дейді Гебрейесус.
ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райанның айтуынша, коронавирустың өршуі "омикрон" BA.4 және BA.5 нұсқаларымен, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау шаралары мен әлеуметтік шараларды алып тастауымен байланысты.
С. Сатыбалдина"COVID-19 жағдайының көбеюіне алаңдап отырмын, бұл денсаулық сақтау жүйесі мен медицина қызметкерлеріне жүк түсіріп отыр. Сонымен қатар, адам өлімі көбейгеніне алаңдап отырмыз", - дейді Райан.