COVID-19: Қазақстанда тағы бір адам қайтыс болды

COVID-19: Қазақстанда тағы бір адам қайтыс болды
Фото: envato.elements.com

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады.

"Өкінішке қарай, 31 наурызда бір адам қайтыс болды. Оны 21 наурызда жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жатқызған. Науқас бір ай бойы ауырған. Жұмысы жеке іссапарлармен байланысты. Ол дәрігерге қаралмаған. Марқұммен жақын қатынаста болған 31 адам ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады Сәуле Қисықова.

Сонымен бірге марқұммен байланыста болған тағы 55 адам үй карантиніне жатқызылды. Қайтыс болған адамның туыстарының екеуінен коронавирус анықталды.

Еске салайық, 26 наурызда Нұр-Сұлтанда коронавирустан 64 жастағы әйелдің қайтыс болғаны хабарланған еді. Кейнірек әйелдің Алматыға құдалыққа барғаны анықталды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 325 адамға жетті.

Massaget