- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- COVID-19 жұқтырған Байденнің...
COVID-19 жұқтырған Байденнің жағдайы айтылды
Фото:
©REUTERS
COVID-19 жұқтырған АҚШ президенті Джо Байденнің денсаулығы айтарлықтай жақсарды, - деп хабарлайды Reuters.
Бұл туралы мемлекет басшысының дәрігері Кевин О'Коннор мәлімдеді. Оның айтуынша, президент сауыққан, денсаулығына байланысты негізгі көрсеткіштері қалыпты.
"Оның симптомдары айтарлықтай жақсарып жатыр. Қазір негізгі симптом - тамақ ауруы. Бұл, ең алдымен, лимфоид жүйені белсендіру нәтижесі, өйткені денесі вирустан тазарып жатыр. Байденнің импульсі, қан қысымы, тыныс алу жиілігі және дене қызуы қалыпты", - деді О'Коннор.
Еске салайық, 21 шілдеде Байден коронавирусқа сынама тапсырып, ол оң нәтиже берген болатын. Ол резиденциясында оқшауланғаны, бірақ жұмысын жалғастыратыны айтылған еді.
Ж. Қадыржанова